Елорда полицейлері қала аумағында қамысты өртеген күдіктіні ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицейлер елордада құрғақ шөп өртеген күдікті адамды ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2 мамырда сағат 12-22-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері келіп түскен хабарламаға байланысты Сарыарқа ауданы, Бөгенбай даңғылы 73/1 мекенжайы бойынша шықты. Келген бойда құрғақ шөптің жануы және өрт жақын маңдағы жеке үйге таралып кеткені анықталды.

«Қызметтің инспекторлары аталған аумақты тыңғылықты тексерді. Осы орайда камераларға өрт болған жерден жасырынған күдікті адамдар түсіп қалған», - деді Полиция департаменті жедел басқару орталығының басшысы Қайрат Раушанов.

Белгілі болғандай, елорда тұрғындары сағат 12:30 кезінде алкогольдік ішімдік ішіп отырған. Олардың бірі жанғыш затпен қапталған сымдарды өртеген. Осының салдарынан қызыл жалын тез арада қурап тұрған қамысқа таралған. Қазіргі кезде күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар