Елорда полицейлері медициналық маскаға қатысты ескерту жасауда - Ержан Сәденов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада полицейлер медициналық маскаға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифинг барысында тілшілер карантин режімін күшейту аясында елордада маскасыз жүргендерге қандай да бір шара қолдану мүмкіндігі туралы сұрады.

«Біріншіден, маскасыз жүруге болмайды. Бұл тұрғыда тиісті ақпарат беріліп, ескерту жұмыстары жүріп жатыр. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында маска жеткілікті. Жалпы, ескерту жұмыстары жүріп жатыр», - Е. Сәденов «Хабар 24» телеарнасында өткен онлайн брифингіде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада карантин режімін бұзған 300-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қалада 30 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Айта кетейік, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде көшеге спортпен шұғылдануға шығатындарға қатысты түсінік берді.

Министрдің айтуынша, карантин кезінде толтырылған негізсіз жазаны сотта қарауға болады.


Соңғы жаңалықтар