USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елорда шіркеулерінің бірінде тағы ұрлық жасалды

2021 жылғы 25 қараша 15:09
Бөлісіңіз:
Елорда шіркеулерінің бірінде тағы ұрлық жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ер адам шіркеуде ұрлық жасау күдігімен ұсталды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық тұрғын ұрланған жылқыны үйінде жасырған Сауда орталығындағы субұрқаққа секірген елордалық ұсталды Елордада «Саз сиқыры -2021» қайырымдылық фестивалі өтті

«Жедел іс-шаралар жүргізу барысында Нұр-Сұлтан қаласы шіркеулерінің бірінен ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Аталған ұрлық фактісі жайлы полицияға шіркеудің қызметкері хабар берген», - делінген департамент мәліметінде.

Ведомство ақпаратына қарағанда, күдікті сағат 13:00 шамасында досымен бірге Күйші Дина көшесінде орналасқан шіркеуге жылыну сылтауымен кірген. Содан үстелдің үстінде «Самсунг» маркалы ұялы телефонын көреді. Күдікті ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, ұялы телефонды ұрлап кетеді. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрайды.

«Ұры дәл сол күні тұрғылықты жерінде ұсталып, қылмысын мойындады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы тексерілуде», - деп атап өтеді департаменттен.

Бұған дейін елордадағы Серафим ғимабадатханасының бұрынғы күзетшісі сыбайласымен бірге қайырымдылық жәшіктерін ұрлап кеткенін жазған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT