Елорда төріне ұлылардың 100-ге жуық өнегелі сөзі ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас қаланың көрнекі орындарына қазақтың ұлы ғұламаларының өнегелі сөздері ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бас қаламыздың көрікті жерлерінде тарихи тұлғаларымыз бейнеленген және ұлыларымыздың ұлағатты сөзі жазылған билбордтар, пилондар іліне бастады. Бұл - екінші лек. Былтыр 40-50-ге жуық билборд эскизі қаламыздағы аялдамаларға, көше мен даңғыл бойларына, парктерге ілінген болатын. Олар әлі тұр. Енді олардың қатарын 100-ге жуық жаңа билборд толықтыра бастады», - деп жазды Нұр-Сұлтан қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Есіркеп өзінің Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанның көрнекі орындарына ұлылардың өнегелі сөздерін ілу дәстүрі өткен жылдың жазында басталды.





Соңғы жаңалықтар