Елорда тұрғыны гараж қақпасын ұрлап, темір қабылдау орнына өткізіп жіберген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тұрғындардың бірі бөтен біреудің гаражының қақпасын ұрлап, темір қабылдайтын орындардың біріне өткізіп жіберген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 33 жастағы тұрғын елорданың Тілендиев көшесінде орналасқан гараждардың бірінің темір қақпасын ұрлап кеткен. Оның ұрланған мүлікті темір қабылдау орнына өткізіп жібергені белгілі болды.

Гараж иесі қақпасының жоғалғанын білген соң полицияға шағымданған.

Жедел-іздестіру шарасының барысында ұрлық жасауы мүмкін күдікті қылмыс жасаған күннің ертеңіне ұсталды. Ол өзінің істеген әрекетін мойындады. Ұрланған қақпа темір қабылдау орнынан алынып, иесіне қайтарып берілді.

«Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жұргізіліп жатыр. Күдіктінің қала аумағындағы өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде»,-делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар