Елордада 10 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 ақпан күні елордада өтетін шараларға шолуды жариялайды.

Сағат 10.00-де Мәжілісте «Үкімет сағаты» болады.

10.00-да ҚР Әділет министрлігінде ведомство Қоғамдық кеңесінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының ережелерін талқылау бойынша отырысы өтеді.

14.00-де Еуразия ұлттық университетінде халықаралық «Екі әлемде» көшпелі көрмесінің ашылуы болады.

16.00-де Назарбаев Университеті мен Жапония елшілігі «Шығыс Азия мен Жапониядағы халықаралық саясат» атты ашық дәрісін өткізеді. Онда академиялық саяси зерттеулер институтының (GRIPS) ректоры Танака Акихико мырза баяндама жасап, тыңдаушылар сұрақтарына жауап береді.

16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Академиялық адалдықты іске асырудың нәтижелері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар