Елордада 21 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 21 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Азамат Байтасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыспен қамту» жол картасы - бұл жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және жұмыс орындарын сақтау мақсатында іске асырылатын, дағдарысқа қарсы әзірленген бағдарлама. Бұл бағдарлама бойынша инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 21 инфрақұрылымды жоба жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында 1 006 адамды жұмыспен қамтимыз. Бұл ретте Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасатын адамдар саны 500-ден асуы керек», - деді Азамат Байтасов елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәлихаты барысында.


Соңғы жаңалықтар