Елордада 23 сәуірден бастап күн жылынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша осы аптаның соңына қарай елордада күн жылынады деп күтіліп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, яғни 21 сәуірде Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 7-9 аязға дейін төмендейді, күндіз 8-10 градус жылы болады.

22 cәуірде күндіз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде — -5-7 градус, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Ал 23 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 13 градус жылы болады.


Соңғы жаңалықтар