Елордада 6 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 ақпан күні елордада өтетін шараларға шолуды жариялайды.

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады.

Сағат 10.30-да Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде әділет вице-министрі Наталья Пан депутаттарға нормаларды жақсарту туралы заң жобасын ұсынады.

Сағат 11.00-де Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер ұсынады.

Сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласның әкімшілік ғимаратында ағымдағы жылға арналған коммуналдық қызметтер тарифтерін бақылау және реттеу мәселесі бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де елордалық Достық үйінде қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ақ әжелер» ансамблінің жеке шығармашылық концерті өтеді.

Сағат 15.00-де Назарбаев Университетінде «Урбанизация Қазақстандағы инклюзивті және тұрақты дамудың үдеткіші» БҰҰДБ-ның адам дамуы туралы ұлттық есебінің сараптамалық талқылауы.

Сағат 15.00-де Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік журналистер мен блогерлер үшін Асырап алушы ата-аналар мектебінің тұсаукесерін өткізеді. Өтетін орны: Ирченко 31, «Кухня WE».

Сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен жаһандық бастамаларына арналған мына кітаптардың тұсаукесері өтеді.

Сағат 15.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов заң жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша баяндама жасайды. Шара Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде өтеді.

Сағат 16.00-де Достық үйінің мәжіліс залында «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңестердің өзара әрекеттестігі» тақырыбындағы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Этнотерапия» атты жаңа жоба өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар