Елордада Абай шығармалары бірнеше тілде оқылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының және қалалық «Радима» беларусь мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне арналған «Абай және көптілділік» атты дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр Сұлтан қалалық әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыста «Радима» беларусь мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дмитрий Останькович ана тілін білу әрбір азаматтың парызы екенін атап өтіп, Қазақстанда тілдердің дамуына толық жағдай жасалып отырғанын мақтаныш сезіммен жеткізді. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, елордадағы өзбек этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Пулатов елімізде тілдердің дамуына қатысты бірқатар жұмыстардың атқарылғанын айтып, әр тілдің ғылыми дамуы ерекшелігіне тоқталды. Қазақстандағы Беларусь Республикасы Елшілігінің консулы Игорь Иванов әлемдік деңгейде кеңінен танымал болған Абай әлеміне терең бойлады.

«Абай бүкіл дүйім жұртқа аты мәлім дара тұлға. Ол - барша адамзат баласының жеткілікті дәрежеде оқып-үйренгенін бар ықыласымен қалаған адам. Ғылымды игермей, ешқандай да өнімді еңбек болмайтынын айтқан. Сондықтан баршамыз осыған аса мән беруіміз керек»,- деді ол.


Биыл елімізде Абайдың 175 жылдығы атап өтіледі. Осыған орай, бұл жылдың маңызы өте орасан. Абай ілімі - мәңгілік. Оның ғибратты тәлімі адамзат баласын бауырмалдыққа, достыққа баулиды. Ел дамуы үшін озық сапалы білім мен ғылым басты орында тұратыны мәлім. Жиында осы мәселелер жан-жақты сөз болып, қазақстандықтардың бірлігін одан әрі арттыра беруге маңыз берілді. Тағылымдық мәні бар игі шарада Абай шығармалары армян, қырғыз, сондай-ақ ол бірнеше тілдерде оқылып, кештің сәнін одан әрі аша түсті. Осы кеште алғаш рет Абайдың «Көзімнің қарасы» шығармасы поляк тілінде шырқалды.



Соңғы жаңалықтар