Елордада әнші Бибігүл Төлегенованың 80 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

None
None
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Елордадағы Конгресс-Холл сарайында КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Бибігүл Төлегенованың 80 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақтың бұлбұлы» атанған өнер саңлағының кешінде әншінің өзімен қатар шәкірттері Талғат Мұсабаев, Гүлжанат Сапақова, Жан Тапин, Елена Низамутдинова, Маржан Төреханова, Толқын Забированың орындаған әндерін елорда халқы ықыласпен тыңдап, зор қошемет көрсетті.

Шығармашылық кеш бағдарламасына әлемдік классикалық опера мен халық әндерінен 30-ға жуық шығармалары енген. Концерт барысында қазақтың күміс көмей, жез таңдай әншісі Бибігүл Төлегенова Дж.Пуччинидің «Джанни Скикки» операсынан Лауретта, Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсынан Еңлік ариясын сондай-ақ «Гауһартас», «Аққу едім көлдегі», «Баянжан», «Қош аман бол», «Шіркін-ай» сынды қазақ халық әндерін нақышына келтіре орындады.

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова 1929 жылы желтоқсанның 16-да Семей қаласында дүниеге келді. 1954 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді. Оның әншілік талантын танып, өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген, әрі тұңғыш дәріс берген орыс жазушысы Г.Серебрякова болды. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері, Батыс Еуропа композиторларының вокалдық шығармалары бар. Ол өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді, опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Бірнеше фильмдерде өз замандастарының образын жасап, өнері бүкіл дүниежүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Польша, Чехославакия, Үндістан, Алжир, Мысыр, Сирия, Вьетнам, АҚШ сияқты елдерде болып, өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар