Елордада «Antikor ortalygy» ашылды
«Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент еліміздегі құқық қорғау қызметтерінің ішіндегі ең алғашқысы болып толығымен «Open space» форматына көшкен орган. Ең маңыздысы, департаменттің жеке құрамы (әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен жедел-тергеу құрамы) толықтай әйнек кабинеттерге көшкен», делінген хабарламада.
Жұмыстың жаңа форматының таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов сондай-ақ, еліміздегі бірқатар дипломатиялық миссия өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің және қалалық мәслихаттың депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында сервистік орталықтың ғимараты, арнайы консультациялы-кеңес беру бөлмелері, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бөлмесі, баспасөз орталығы көрсетілді.
«Antikor ortalygy» азаматтардың әр сұрағына жайлы жерде жедел әрі тиянақты жауап алатын орталығына айналмақ. Бүгінгі таңда Қазақстанда 5 сервис орталығы ашылды, олар ашықтық пен сервистің ведомстволық саясатын көрсетеді», – деді Алик Шпекбаев.
Жергілікті Антикор қызметінің тағы бір ерекшелігі – жаңа форматтағы жауап алуға арналған бөлме.
Бөлме алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып жабдықталған (Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Тәуелсіз комиссиясының жауап алуға арналған үй-жай үлгісі бойынша).