Елордада «Әскер Медиа-2019» әскери журналистика саласындағы жүлде табыс етіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі биыл Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін жариялауда үздік болған отандық және шетелдік журналистер мен блогерлердің есімдерін атайды, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Әскери журналистика саласындағы дәстүрлі «Әскер Медиа-2019» сыйлығын табыстау 29 қарашада өтеді. 12 конкурстық номинацияда үздіктер анықталады. Атап айтқанда, теледидар, радио, баспа және интернет БАҚ-тарда, сонымен қатар республикалық және аймақтық деңгейлерде, шетелдік БАҚ-тардағы үздік материалдар, әскери тақырыпты баяндайтын үздік блогер, сондай-ақ фотожұмыстар мен арнайы жоба.

Әскери журналистика саласындағы «Әскер Медиа» жүлдесі – бұл әскери тақырыпты жариялауда өз үлестерін қосып жүрген журналистер мен блогерлерді қолдау үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігі құрған бірегей алаң.

Оны құрудағы басты идея – бұл қорғаныс ведомствосымен белсенді және тиімді өзара іс-қимыл жасайтын бұқаралық ақпарат құралдарының шеңберін кеңейту, Қазақстандағы әскери журналистиканы дамыту, журналистер мен блогерлерді, сондай-ақ осы саладағы лайықты шығармашылық жұмыстарды көтермелеу, телевизиялық, баспа және интернет БАҚ-пен бірлескен медиа-жобаларды іске асыру, еліміздің Қарулы Күштеріне қоғамның назарын аудару.

Әскери журналистика саласындағы «Әскер Медиа» жүлдесі биыл үшінші рет өтеді. Ол масс-медиа өкілдерін қолдау, ынтымақтастық, диалог және тәжірибе алмасу үшін платформаға айналып, халықаралық мәртебеге ие.

Соңғы жаңалықтар