Елордада аудитор филармония басшыларынан 15 мың доллар пара алды деп айыпталуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтандық аудитор Мемлекеттік академиялық филармонияның лауазымды тұлғаларынан 15 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтып берді.

«Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Нұр-Сұлтан қалалық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиторының аудиторлық тексеру бойынша оң есеп жасау үшін қала әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының лауазымды тұлғаларынан 15 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдіктінің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады», - деді Д. Бигайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингте.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


Соңғы жаңалықтар