Елордада автобус адамды сүйреп кеткен: Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада адамды сүйреп кеткен №70 автобустың жүргізушісіне қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«15 қараша күні сағат 19.30-да қозғалып кеткен №70 автобустың ашық есігінен бақылаушы сыртқа жығыла құлады. Оның аяғы есікке қыстырылып, автобус адамды бірнеше метрге дейін сүйреді. Осыдан кейін жігіттің аяғы босағаннан кейін ғана жүргізуші қозғалысты тоқтатты. Жігіт қайта дөңгелектің астында түсіп кетпей, аман қалды. Елорданың қоғамдық көлігі туралы басқа не деуге болады. Анау жігіттің орнына кез келген адам – зейнеткер немесе бала болуы мүмкін еді. Қоғамдық көліктің мәселесі бұрыннан шешілмей келе жатыр», - дейді Сергей Корняков атты қолданушы «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» Facebook тобында.
Оның жазуынша, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған.
Бұk жағдайға қатысты ҚазАқпарат тілшісіне «Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаменті қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.
«Қазір жүргізуші және бақылаушы Көліктік бақылау департаментіне шақырылды. Автобустағы бейнежазбалар алынады. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері болған оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеген соң, белгілі бір шешім қабылданады. Әзірге қызметтік тексеру аяқталған жоқ», - деп хабарлады компаниядан.
- Елордада сырғанақтар қайда салынады
- Ақтаудағы оқиға: Сәби күтушісінің үйінде көз жұмған
- Құпия сатып алушы теміржол көлігінде жемқорлық тәуекелді тексерді – Ақмола облысы
- Оралда полицей көлікті соғып, жас келіншек көз жұмды
-
Жамбылда қалың тұман кезінде 14 автокөлік бір-біріне соқтығысқан
-
Өскеменде көктайғақтан 130-дан астам адам зардап шекті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам