Елордада автобус жүргізушілері алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автобус жүргізушілерін алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету мақсатында арнайы медициналық жабдықтар сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық №1 автопарк алаңында қызметкерлерге оның ішінде жұмысқа қайта қабылданғандарда бар, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту жүргізіліп жатыр. Оқытуды автопарк медпунктіндегі фельдшер жүргізуде. Қызметкерлер күніне 1 сағатты медициналық жедел көмек көрсетуді үйренуге арнайды. Бұл мақсатта арнайы медициналық жабдықтар сатып алынды. Қоғамдық көлік қызметкерлері күйік шалу, ашық және жабық сынықтар, қансырау, одан бөлек адамның эпилепсиясы ұстап немесе талып қалған жағдайда қандай көмек көрсету керектігін үйренуде», - Астана LRT қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева.

Одан бөлек автопарк қызметкерлері алған білімдерін іс жүзінде көру мақсатында арнайы қуыршақтарға (менекен) тәжірибе жасау мүмкіндігі бар.

«Сонымен қатар автобус жүргізушілеріне психологиялық және адамдармен қарым-қатынас жасауға қатысты тренингтер өткізілуде. Олар жанжалдың тууы мен одан шығу жолдарын және де өз мінезін тәрбиелеу бойынша кеңестер алады. Сол сияқты, жұмысқа қабылдау сәтінде міндетті түрде психолог маман қатысып, жүргізуші арнайы психологиялық тестілеуден өтеді. Псиохолог маманның рұқсатынсыз жүргізуші жұмысқа қабылданбайды», - Науат Азанбаева.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада автобус жүргізушісі мен кондуктор бойжеткенді ажалдан аман алып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар