Елордада автобус жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағында осы жылдың 4-13 қазан аралығында жолдағы апатты азайту, сондай-ақ жол ережесі бұзушылығының алдын алу мақсатында қоғамдық көліктерде «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 8 қазанында сағат 12:10-да патрульдік полиция мамандандырылған батальонының қызметкерлері Тұран даңғылымен Сығанақ көшесіне қарай келе жатқан автобустың қарсы жолаққа шығып кеткенін анықтады. Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жедел-профилактикалық шара басталғалы автобус жүргізушілерінің 300 бұзушылығы анықталды.


Соңғы жаңалықтар