Елордада әйел құдыққа құлап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда әйел адам құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 13 қаңтар күні астаналық ТЖД Қабанбай батыр көшесі бойында әйелдің құдыққа түсіп кеткендігі хабарлама келіп түскен. Жайсыз хабар жетісімен құтқарушылар оқиға орнына шыққан. Жеке құрамнан 9 адам және 2 техника оқиға болған жерге келіп, жедел түрде құтқару операциясына кірісті.

«Құтқару сатысының және құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің арқасында әйел адам құдықтан аман-есен шығарылып, ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Бұдан соң ол 1 көп салалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі кезде денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, үйіне жіберілді»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар