+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Елордада балаға дөрекілік танытқан тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды

2019 жылғы 8 қараша 18:13
Бөлісіңіз:
Елордада балаға дөрекілік танытқан тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаға дөрекілік танытқан. Тәрбиешінің балаға дауыс көтеріп, орындыққа жұлқып отырғызғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті: Білім жүйесін жаңғырту мәселелері Ұлттық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізіледі Нұрымбетов: Білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеуіміз қажет Білім министрлігі «Астана» университетін сотқа берді

Видеороликті блогер Айда Жексен өзінің Telegram-каналына жариялады.

Видеодан тәрбиешінің қыз баланы қолынан ұстап, орындыққа жұлқып отырғызғанын көруге болады.

«Тез тұр! Тіптен тыңдамайсың! Мында отыр, саған айтып тұрмын!», - деп, дауыс көтереді тәрбиеші қыз балаға.

Тәрбиешісінің дауыс көтеріп, жұлқылағанына шыдамаған қыз бала жылап жіберген. Одан кейін педагог өзін видеоға түсіріп тұрғанын байқап қалған.

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы баспасөз қызметі дөрекілік көрсеткен тәрбиеші уақытша жұмыстан шығарылғанын айтты.

«Қазіргі уақытта тәрбиеші жұмыстан уақытша босатылды. Мектепке дейінгі мекемеде видеоматериал негізінде қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тәрбиешіге де, балабақша басшылығына да қатысты тиісті шаралар қолданылады», - дейді баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT