+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Елордада балалар көліктен ақша ұрлап, достарына тәтті алып берген

2020 жылғы 21 мамыр 23:51
Бөлісіңіз:
Елордада балалар көліктен ақша ұрлап, достарына тәтті алып берген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екі оқушы бала автокөліктен сөмке ұрлап, ішіндегі ақшаға достарына тәтті алып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Велосипед теуіп жүрген балалар автокөліктің бірінде әйелдер сөмкесі қалып кеткенін байқаған. Маңайда ешкімнің жоқтығына көзі жеткен олар көлік салонына кіріп, сөмкені жымқырып кеткен.

Машинаның есігі құлыпталмағаны анықталды.

«Балалар ішіндегі ақшасын алып, сөмкенің өзін лақтырып жіберген. Ұрлықты көрген әйел полицияға жүгінді. Бірнеше сағаттың ішінде құқық қорғаушылар видеобақылау камералары арқылы заң бұзушыларды ұстап алды. Полиция қызметкерлерін көрген олар ісін бірден мойындап, кешірім сұрады. «Ақша қайда?» деген сұраққа балалар өздеріне және көрші достарына газдалған сусын, чипс пен тәтті-дәмді алуға жұмсағанын айтты», - деді қалалық Полиция департаментінен.

Жасөспірімдер істері жөніндегі инспекторлар балалар бұған дейін мұндай заң бұзушылыққа бармағанын айтады. Полицейлер істің салдарын ұқтырып, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Ал жүргізушілерге тәртіп сақшылары көлікті жауып жүруге кеңес береді.

«Сонымен бірге полиция жыл басынан бері тексеріс жүргізіп, ашық қалған 700 көлікті анықтаған. Олардың 600-і полицияның көзінше есігін жауып, ескертілген», - деп хабарлайды департаменттен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға, Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT