Елордада банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есік сындырып кірген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны терезені сындырып, банк ғимаратына кірген. Алайда қаскүнемдер күзет дабылының іске қосылуына байланысты көздеген мақсаттарына жете алмады. Қылмыс жасалған жерге күзет кәсіпорындарының қызметкерлері де жедел жеткен.
«21 және 23 жастағы екі күдікті «ізі суымай» қолға түсті. Дәмханадан ішімдік ішіп шыққан жігіттер жеңіл жолмен баюды көздеген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті күзет дабылын қоюға және ғимаратын ішін бейнекамералармен жабдықтауға кеңес береді», - деді ведомстводан.
- Ақтауда ер адам дүкенге қарақшылық шабуыл жасады
- Алматыда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды
- СҚО-да ауыл тұрғыны интернет-алаяқтарға сеніп, 2 млн теңге несие алып берген
- Түрмеде отырып, қылмыстық топ құрған: БҚО-да есірткі сатушылар сотталды
-
Күйші Дина сквері, студенттік карта: Астаналықтардың қандай идеялары іске асырылуда
-
Таразда жастар арасындағы қылмыспен күрес мәселесі қаралды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам