Елордада базарлардың демалыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада базарлардың демалыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантин шаралары туралы елорданың Бас мемлекеттік санитария дәрігері С.Бейсенованың қаулысы жарияланды.

«Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын, күшейтілген санитария-эпидемияға қарсы, санитария-профилактика іс-шараларын сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады», - делінген жаңа қаулыда.

Сол сияқты өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитария-профилактикалық талапты сақтай отырып, қалыпты режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру міндеті де тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар