Елордада бір тәулікте 142 жол-көлік апаты болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бір тәулікте 142 жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен тәуліктің ішінде елорда аумағында 142 жол-көлік оқиғасы орын алып, 5 адам зардап шекті. Ал таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап қазіргі уақытқа дейін 45 жол-көлік оқиғасы болды», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.

Айта кетейік, елордада қалың қар жаууына байланысты автобустар, ұшақтар кешігіп, жолда кептеліс туындап отыр.

Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда аса мұқият болу керектігін ескертті.

«Қар толассыз жауғандықтан арнайы техника елорда көшелерін тазалау үшін тәуліктік режимен жұмыс істеп жатыр. Жүргізушілерді көлігін жол бойында қаңтармауға шақырамыз. Бұл қар күреу жұмыстары мен қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді. Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық пен және қауіпсіз қашықтық режимін сақтаңыз», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгін қар күреуге 2 000 арнаулы техника мен 1 900 жұмысшы жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар