Елордада бір тәулікте 700-ден астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті 8-17 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері 710 жол ережесін бұзу фактісін анықтады, оның ішінде біреуін қоғамдық көлік жүргізушісі жасаған.

53 жүргізуші техникалық тексерістен өтпеген көлікті жүргізген, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 25 жүргізуші ұсталды.

Сонымен қатар, 11 жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетсе, 16 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен.

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 16 жүргізуші ұсталды, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ 6 азамат темір тұлпарды тізгіндеген.

Айып тұрағына 52 автокөлік қойылған.

Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік құралдарын басқару фактісін анықтауға және оның жолын кесуге ерекше назар аударып жатыр.


Соңғы жаңалықтар