USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елордада бойжеткен аялдама шынысын, тұрақтағы көліктердің терезелерін сындырды

2021 жылғы 19 қазан 02:05
Бөлісіңіз:
Елордада бойжеткен аялдама шынысын, тұрақтағы көліктердің терезелерін сындырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бойжеткен қыз аялдама шынысын, тұрақтағы көліктердің терезелерін сындырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада мемлекетке 150 млн астам теңгеге залал келтіргендер сотталды Өскеменде әкімдік ғимаратының әйнегін шағып, шу шығарған адам ұсталды Тапаншамен, пышақпен шабуылдаған: Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды

«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Жедел басқару орталығына Бөгенбай батыр даңғылы бойында белгісіз бойжеткен аялдама шынысын және жақын маңда тұрақта тұрған көліктердің терезелерін сындырып жатқаны туралы хабарлама түсті. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Анықталғандай, ол кірпішпен аялдама шынысын, кейін Toyota Corolla және Nissan көліктерінің артқы терезелерін сындырған», - делінген Рolisia.kz ақпаратында.

Аталған факті бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Қоғамдық тәртіпті аса өрескел бұзғаны және өзгенің мүлкін бүлдіргені үшін ұсталған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Келтірілген залал сомасы анықталып жатыр», - деді Байқоңыр аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Сайранбеков.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT