Елордада бүгін қар тазалау жұмысына 1 203 адам жұмылдырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 415 техника мен 1 203 жол жұмысшысы тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

25 ақпаннан 26-на қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1 243 техника мен 156 жол жұмысшысы жұмылдырылып, 37 392 текше метр қар шығарылды (3 116 рейс).

Ал жалпы осы уақытқа дейін 393 024 рейс жасалып, барлығы 4 716 349 текше метр қар полигондарға төгілді.


Соңғы жаңалықтар