+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

2019 жылғы 12 қыркүйек 23:34
Бөлісіңіз:
Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндер елордада музыка мен спорттық шараларға бай болады. Астаналықтар демалыс күндерін қызықты әрі пайдалы өткізу үшін қайда баруға болатыны төменде көрсетілген.

Ұқсас жаңалықтар
С.Сейфуллинің 125 жылдығы: Көкшетауда ақындардың аймақтық мүшәйрасы өтті «Qazaqtaný» жобасы «Рухани жаңғыру» идеясына сәйкес келеді -Жансейіт Түймебаев Ұлытауда ақын Тайжан Қалмағамбеттің 140 жылдық мерейтойы аталып өтті

Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, 11 және 14 қыркүйек күндері «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры өз қонақтарын А.Аданның «Жизель» балетін тамашалауға шақырады. Әлемдік туындының премьерасы 1841 жылы Париждің Гранд Операсында өткен болатын. Содан бері «Жизель» әлемнің түрлі балет театрында қойылса да, осы уақытқа дейін өзектілігі мен атағын жоғалтқан жоқ. Қойылым 18.00-де театрдың Үлкен залында өтеді. Билет құны 500 теңгеден басталады.

15 қыркүйекте елордада «Phanerozoic I: Palaeozoic» турының аясында атақты «The Ocean» тобы концертін қояды. Топ Ресей, Беларусь, Армения, Грузия, Қазақстан, Жапония қалаларына гастрольмен барады. Нұр-Сұлтан қаласындағы топтың концерті 15 қыркүйек күні сағат 20.00-де басталады. Өтетін орны: Қорғалжын тас жолы 3, The Bus. Концерт билеттерінің құны 5 000 теңгеден басталады.

Осы демалыста елордада бірнеше спорттық шаралар да өтеді.

13 қыркүйекте хоккей жанкүйерлері «Номад» және «Сокол» клубтары арасындағы матчты тамашалай алады. Ойын «Қазақстан» спорт сарайында 19.00-де өтеді, билеттер құны 200 теңгеден басталады.

Сондай-ақ, 14 қыркүйекте «Барыс Арена» алаңында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Әлем чемпионатының ашылуы болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елінен 900 спортшы қатысады. Жарысқа шамамен 10 000 жанкүйер келеді деп жоспарлануда. Қазақстан аумағында чемпионатты Kazsport телеарнасы таратады. Ал, тікелей көрсетілімді United World Wrestling (UWW) ресми сайтынан қарай аласыз. Чемпионат 22 қыркүйекке дейін жалғасады, көрермендерге кіру құны 1 000 теңгеден басталады.

12 және 13 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Synergy Global Forum өтеді. Хедлайнер ретінде жеке тұлғаның өсуі тақырыбында әлемдік сарапшы болып есептелетін әйгілі Ник Вуйчич пен Ицхак Пинтосевич өз ойларымен бөліседі. Ник Вуйчич «Шекарасыз өмір» тақырыбында, ал Ицхак Пинтосевич «Жалқаулық жеңімпазы. Шекарасыз өмір» тақырыптарында шеберлік-сабақтарын өткізеді. Ұйымдастырушылар тәжірибе, білім, нақты әрекеттер мен құралдарды үйрететін 8 сағатқа созылатын тренинг 10 есе тиімдірек болғысы келетін жандарға арналған деген пікірде.

Тренинг сағат 19.00-де «Сарыарқа» велотрегінде қонақтар алаңында басталады. Кіру құны 11 200 теңгеден 72 800 теңгеге дейін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT