+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

2020 жылғы 21 ақпан 18:18
Бөлісіңіз:
Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары конкурстар мен театрландырылған қойылымдарды тамашалап, фестиваль мен концерттерге қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Жайнай бер, өнер, жаңаша»: Ақтөбеде өнер ұжымдары онлайн концерт беріп жатыр Мәдениет министрлігі карантинде қандай онлайн жобаларды жүзеге асырып жатыр Роза Рымбаева көпшіліктің сұрауымен онлайн режимдегі екінші концертін ұсынады

Бүгін, 21 ақпанда сағат 19:30-де құрлықтық хоккей лигасы чемпионаты аясында «Барыс» пен «Салават Юлаев» командалары кездеседі. Бұл хоккейшілердің әр матчы ерекше бәсекелестік рухын көрсетеді. Екі командаға жеңіс керек, демек, ойын күтпеген бұрылыстарға толы болмақ.

Сол күні «Jekpe-jek» сарайында Азия кубогы аясында баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Палестина құрамасымен кездеседі.

Сенбі таңғы тоғызда аптаның басты спорттық оқиғасы – «Бұрқасын-2020» шаңғы фестивалі басталады. Жарыс шаңғы роллер трассасында өтеді (Astana Park Hotel).

22 ақпанда «Астана» концерт залында «MEGA HIT» тобы өз тыңдармандарына XX және XXI ғасырлардағы танымал орындаушылардың хиттерін ұсынады. Концертте Адельдің «Hello» және «Rolling In The Deep», Рианнаның «Russian Roulette», Бейонстың «Crazy In Love», М. Джексонның «We Are The World», Виктор Цойдың «Кукушка» секілді әндері орындалады. Концерт сағат 18:00-де басталады.

Сенбі күні сағат 18:30-да «Nomad City Hall» театрында қазақ классикалық қойылымдарының бірі «Қыз Жібек» көрерменге ұсынылады. Эпостың 16 нұсқасы бар. Пьесаның бүгінгі таңдағы өзектілігі қандай? Төлегеннің өліміне Бекежан шынымен кінәлі ме, әлде баласына бата бермеген әке кінәлі ме?

Осы сенбіде М.Горький атындағы орыс драма театрында «Крылатая исповедь вольных сердец» қойылымы сахналанады. Көрермендер С.Сейфуллиннің, І. Жансүгіровтің, Б.Майлиннің өлеңдерін тыңдай алады. Поэзия кеші сағат 18:00-де басталады.

23 ақпан сағат 12:00-де «Астана Опера» театрының ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарын «Түрлі дауыстар әлемі» концертіне шақырады. Концертте Хамиди, Бизет, Верди, Россини, Моцарт, Холминов, Леонкавалло шығармаларынан танымал ариялар мен дуэттер орындалады. Концертте «Астана Опера» балалар театр студиясының хоры да бар.

23 ақпан сағат 17:00-де «Астана Опера» театрында «Евгений Онегин» қойылымы орындалады. Чайковский өзінің алғашқы қойылымын Мәскеу консерваториясының студенттеріне тапсыруды ұйғарды. Сөйтіп, 1879 жылы наурызда «Евгений Онегин» тұсаукесері өтті. Көп ұзамай опера Мәскеудегі Үлкен театрдың, Санкт-Петербургтегі Мариинскийдің сахналарында қойылып, ең танымал туындылардың біріне айналды.

М. Горький атындағы орыс драма театры жексенбі сағат 18:00-де «Аралас сезім» қойылымына шақырады.

«Мен бұл оқиға кез келген көрерменге жақын әрі түсінікті болады деп ойлаймын, өйткені пьеса махаббат, кәрілік, балалармен қарым-қатынас сияқты жалпыға ортақ дүниелерді қамтиды. Менің туындым махаббат пен сенім күйін сақтауға тырысатындарға үміт береді деп сенемін», - деп жазды қойылым авторы Ричард Баер.

Сондай-ақ жексенбі күні сағат 16:00-де «Астана» концерт залында «Күн шеңбері» халықаралық орыс мәдениеті фестивалі өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT