Елордада дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Адам көп жиналатын орындарға: саябақтарды, тынымбақтарды, бульварларды және т.б. дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді. Дезинфекциялау жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сауда ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың басшылары санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес өз аумағында дезинфекция жүргізуі тиіс. Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеден бастап мемлекеттік комиссияның шешімімен эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру үшін екі аптаға шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек. Маска тағып, антисептиктер қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн.



Соңғы жаңалықтар