Елордада дүкен сатушысын ұрған адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түнгі сағат екіде темекі мен ішімдік іздеген 30 жастағы жігіт дүкен сатушынысына тап беріп, оны сабап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 жастағы елорда тұрғыны мас күйде түнгі екі кезінде дүкенге ішімдік пен темекі алуға шыққан. Дүкеннің жабық тұрғанын көргенімне карантин шараларын пысқырмаған ол есікті қағып, керегін талап ете бастаған. Өз талабының орындалмайтынын көрген ол тіпті терезені тепкілеп, сыртқа шыққан сатушыға тап берген. Осыдан кейін бұзақы қайтып кеткен», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары із суытып кетпек болған бұзақыны ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аян Бекенұлы


Соңғы жаңалықтар