+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Елордада екі адам өрттен мерт болды

2020 жылғы 17 қазан 21:08
Бөлісіңіз:
Елордада екі адам өрттен мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада 5-қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада коттедж өртеніп жатыр СҚО-да бір күнде екі өрт тіркеліп, екеуінде де қаза тапқандар мас болған Саран қаласында жанып кеткен үйден 78 жастағы қарияның мүрдесі табылды

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Кравцов көшесі 2/1 мекен жайда өрт шыққаны туралы ақпарат өрт сөндіру бөлімшесінесағат 17-09-да келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 5 қабатты тұрғын үйдің соңғы қабатындағы пәтерлердің бірінде үй бұйымдары мен тұрмыстық техникалардың 10 шаршыметр аумақта өртеніп жатқаны анықталған.

Сағат 17-56-да өрттің алды алынып 18-08-те толықтай өшірілген. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 1949 жылы дүниеге келген әйелдің және 1977 жылы дүниеге келген ер адамның өртенген мүрдесі табылды.

Өрт сөндіру жұмысына Төтенше жағдай департаментінің 14 маманы мен 3 техникасы, сонымен қатар Полиция департаменті мен жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өрт темекі тұқылын өшірмеу салдарынан орын алған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT