Елордада екі күнде 16 мас жүргізуші ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі күнде елордада көлікті мас күйінде басқарған 16 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екі күнде жүргізілген жедел алдын алу іс-шарасы барысында елордада 18 әкімшілік құқық бұзу тіркеліп, оның ішінде 16 факті көлікті мас күйінде басқару жағдайына байланысты», - делінген қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Белгілі болғандай, бір жүргізуші осыған дейін куәлігінен айырылса да, көлікті мас күйінде басқарған. Тағы бір жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Коммуналдық тұраққа 18 автомашина қойылды.


Соңғы жаңалықтар