+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз - Сархат Бейсенова

2021 жылғы 8 сәуір 11:16
Бөлісіңіз:
Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз - Сархат Бейсенова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы COVID-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша 1 ай қызыл аймақта тұрмыз. Осы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты. Пандемия басталғаннан бері 34 007 жағдай тіркелді. Оның ішінде 21 957 симптомды және 12 050 симптомсыз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ақпан айында сырқаттанушылық динамикасында қаңтармен салыстырғанда 25 пайызға төмендеу болса, наурыз айынан бастап елордада сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі байқалады. Наурыз айы мен сәуірдің 7 күнінің қорытындысы бойынша қаңтар мен ақпан айларына қарағанда 2 338 жағдайға көбірек тіркелді.

«17 наурыздан бастап аурудың күнделікті өсуі 1 пайыздан асып, 20-25 наурыз аралығында 0,64 пайызға дейін төмендеді. Соңғы 12 күннің ішінде бұл көрсеткіш орта есеппен 1,2 пайызға сақталып отыр. Соңғы тәулікте 578 бастапқы жағдай тіркелді. Симпомы бар 404 жағдай, симптомсыз 174 жағдай. Соңғы аптадағы сырқаттануылық көрсеткіштері алдыңғы аптаның деңгейінен 23 пайызға жоғары. Жүз мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 249,6-ны құрады. Репродуктивтілік саны 1-ден жоғары», - деді Сархат Бейсенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT