+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Елордада ер адам басқа біреудің саусақ ізін пайдаланып, картадан ақша ұрлаған

2021 жылғы 8 сәуір 18:35
Бөлісіңіз:
Елордада ер адам басқа біреудің саусақ ізін пайдаланып, картадан ақша ұрлаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотталған 32 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды полицейлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда ойын-сауық орталығында вакцинация пункті ашылды Лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған елорда тұрғыны ұсталды

Тергеу барысында күдіктіңнің қонақ үй нөмірінде танысымен ішімдік ішкені анықталды. Түнде досының ұйықтап қалғанын күтіп, оның саусақ ізін сканерлеген және телефонды бұғаттан шығарған. Одан әрі мобильді қосымшадан анасының банктік шотына 130 мың теңге аудардған. Жәбірленуші келесі күні ақшасының жоғалғанын көріп, полицияға хабарласқан.

Қазір күдікті ұрлығын мойындап, ақшаны иесіне қайтарды. Енді оған қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға шақырады. Сақ болыңыздар: ұялы телефон мен басқа да құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз. Ақшалай қаражатты ешкімнің қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Егер сіз қылмыстың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз немесе «102» нөміріне қоңырау шалыңыз!.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT