Елордада ескерткіштің бағалы металдан жасалған әріптерін ұрлаған адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлерінің ескерткішінен бағалы металдан жасалған әріптерін ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтауынша, күдікті түнде ескерткіштегі жезден құйылған әріптерді ұрлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары бұрын бірнеше рет осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.

«Қазіргі уақытта ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК-ның 118-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері ұрланған әріптердің бір бөлігін металл сынығын қабылдайтын орыннан алған», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрланған затты сатып алушыға қатысты да сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар