Елордада ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде қалың қар алалас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар