Елордада этносаясат саласындағы өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің этносаясат саласындағы өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев; ҚР Президенті жанындағы МБА этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, ҚХА ҒСК төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова; «Қоғамдық көзқарас» инситутының негізін қалаушы және директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҚХА ҒСК мүшесі – Ботагөз Рақышева; «Қырғызстан - Астана» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов; сондай-ақ ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен кафедраларының өкілдері, әлеуметтанушылар, сарапшы-аналитиктер және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қордайдағы жағдайға байланысты Жамбыл облысына барып келген Ғылыми-сарапшылық кеңесінің есебі тыңдалып, сарапшылар «Бірлік әралуандықта» принципі негізінде қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ассамблея Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ұлттық бірліктің мемлекеттік саясатының сенімді тірегі бола тұрып, тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын» атап өте отырып, Ассамблея құрылымдарының жұмысын күшейтуді тапсырды.

Жиын соңында Ғылыми-сарапшылық кеңеске этносаралық қатынастарды дамыту, ішкі мәселелерді зерттеу, сонымен қатар Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде бірлік пен келісім құндылықтарын насихаттау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.


Соңғы жаңалықтар