+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Елордада грек-рим күресінен халықаралық турнир өз мәресіне жетті

2021 жылғы 10 мамыр 20:55
Бөлісіңіз:
Елордада грек-рим күресінен халықаралық турнир өз мәресіне жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ярослава Шведова: Олимпиадаға қатысып, ел намысын қорғау – зор мәртебе Елордада «Жыр алыбы – Жамбыл» әдеби ревюі өтті Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионымен айқас алдында коронавирусқа тест тапсырды

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 250-ден аса спортшы жиналды. 2001-2003 жылғы жастар арасында өткен турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынады.

Үш күнге созылған жарыс қортындысы бойынша жалпы командалық есепте 5 алтын, 3 күміс, 13 қола жүлдемен Қазақстан жастар құрамасы бірінші орынға жайғасты. Екінші орынды 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен Грузия құрамасы иеленсе, үздік үштікті 1 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдемен өзбекстандық палуандар түйіндеді.

Жарысқа келген шет елдік команда өкілдері турнирдің ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді.

«Біз бұл турнирге үшінші жыл қатарынан қатысып келеміз. Былтыр карантин салдарынан жарысқа қатыса алмадық. Осы жолы өзіміздің мықты құраманы алып келдік. Себебі бұл бәсеке Еуропа чемпионатының алдындағы дайындық турнирі. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Барлығы ойдағыдай болды. Ұйымдастырушыларға рахмет!» - деді Грузия жастар құрамасының бапкері Гогеля Томаз.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен халықаралық турнир карантин талаптарына сай жанкүйерсіз ұйымдастырылды. Бәсеке Qazsport арнасынан тікелей эфирде берілді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT