Елордада «КамАЗ» жүк көлігі жолаушылар автобусын соқты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада КамАЗ жүк көлігі жолаушылар автобусын соқты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 29 мамыр күні сағат 17-49-да «КамАЗ» жүк көлігін басқарып келе жатқан 1994 жылы дүниеге келген жүргізуші Ақжол көшесінің бойында рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарына жүк көлігі жолдың қарсы бетінен шығып кетіп, «МАН» маркалы автобусымен соқтығысқан.

«Жол-көлік апаты салдарынан автобустың 13 жолаушысы зардап шегіп, медицина мекемелеріне жеткізілді», - деп атап өтеді департаменттен.

Қазіргі уақытта екі жолаушының сүйегі сынғаны анықталса, қалғандары түрлі деңгейде жарақат алғандығы белгілі болды.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - делінген таратылған ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар