+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Елордада карантин талаптарын бұзғаны төрт мекеме жауапқа тартылды

2021 жылғы 15 сәуір 20:40
Бөлісіңіз:
Елордада карантин талаптарын бұзғаны төрт мекеме жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанның мобильді топтары карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарын анықтау үшін күшейтілген жұмыс жүргізіп жатыр. Кеше түнде шектеу шараларын сақтамаған тағы 4 мекеме жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы мыңға жуық адамды Ashyq жүйесі арқылы тексерген «Атамекен» ҰКП өкілі Назарбаев әуежайындағы кезек кептелісі туралы пікір білдірді Маңғыстау облысында түлектер кешін ашық алаңда ұйымдастыруға рұқсат

Коронавирус инфекциясының алдын алу, таралу және жұқтыру қаупіне қарамастан, кейбір мекемелер карантин шектеуін жүйелі түрде бұзып келеді.

14 сәуірде түнде Есіл ауданында орналасқан «Coffee Vista» кофеханасы белгіленген жұмыс режимін сақтамай келушілерді қабылдады. Осындай жағдай Сарыарқа ауданындағы «Karima» кафесі мен «Панаехали» атмосфералық барында қайталанды.

Байқоңыр ауданында жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан Respawn ойын клубы келушілерді қабылдады.

Жиналған материалдың бәрі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шара қолдану және құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша қызыл аймаққа енгеніне бір айдан асты. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де құбылмалы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT