Елордада қарсы жолаққа шыққан 9 автобус жүргізушісі көлік жүргізу құқығынан айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4-13 қазан аралығында Елорда жолдарындағы жазатайым оқиғаларды азайту, сондай -ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін болдырмау мақсатында елорда аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы автобус жүргізушілері жіберген 700-ге жуық құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде 214-і – маневр жасау ережесін бұзу фактісі, 167-сі көлік құралын басқару кезінде телефонды қолдану фактісі, 80-і – техникалық тексеруден өтпеу фактісі.

Ереже бұзғаны үшін автобус паркінің 15 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері Тұран даңғылымен Сығанақ көшесі жағына қарай келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен 29 жастағы маршруттық автобустың жүргізушісін анықтады. Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жүріс бөлігінің жағына шығып кеткені үшін жүргізушіге алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру қаупі төніп тұр.

Көлік кәсіпорындарының жүргізушілері жіберген барлық құқық бұзушылықтар фактісі бойынша басшылар әкімшілік жауапқа тартылды.


Соңғы жаңалықтар