Елордада қашықтан оқитын оқушылар COVID-19-ды көбірек жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында 1103 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 263 немесе 23,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында 840 жағдай, яғни 76,2% көрсеткен», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.
Сонымен бірге, 1 ақпаннан бастап қалада медицина қызметкерлерін, 1 наурыздан бастап – педагогтар мен күш құрылымдары қызметкерлерін вакциналау басталды. Бүгінде 1 компонентпен 2241 адам, 2 компонентпен – 824 адам қамтылған.
Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Тәулігіне шамамен 68 инфекция жағдайы тіркеледі, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде.
Қалада көбінесе 30-39 жастағы адамдар басым ауырады, олар 24,8% құрайды. 50 жастан асқан адамдар – 23,5 % болса, балалардың жалпы сырқаттанушылықтағы үлесі – 14,9% құрайды.
- Елімізде 40 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жүр
- Коронавирус пневмониясы: Бір тәулікте 107 жағдай тіркелді
- Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты
- Тәулік ішінде 2307 қазақстандық коронавирустан сауықты
-
ШҚО-ға келген туристерден ішінара ПТР анықтамасы талап етіледі
-
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп, антирекорд орнады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам