Елордада қазақша онлайн контент жасаушылардың форумы өткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 қарашада елордада QazForum шарасы өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат форумды ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

QazForum – интернеттегі қазақша контентті дамытуға арналған бірегей кәсіби алаң. АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылатын қазақ тілін дамытудағы ең ауқымды іс-шара бесінші рет өткізіледі. Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам кәсіби маман қатысады. Қатысушылар қатарында медиа-сарапшылар, блогерлер мен журналистер, БАҚ бас редакторлары мен басшылары, digital сарапшылар мен жаңа контент жасаушылар бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша қазақша контентке сұраныс артқан.

«Студенттердің 63%-ы қазақ тілінде оқиды, БАҚ-тағы контенттің 72%-ы қазақ тілінде беріледі. Халықтың 22% үш тілде сөйлейді. Құжат айналымының 92%-ы қазақ тілінде жүргізіледі. Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары халқының 90%-дан астамын қазақтар құрайды», делінген хабарламада.

Әр жыл сайын 50-ден астам жетекші медиа-сарапшы, журналист пен қазақша онлайн контент жасаушы бір жерге жиналады.

«Соңғы жылдары форумға 700-ден астам қатысушы еліміздің түрлі өңірінен: Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Талдықорған және Көкшетаудан қатысты. Көптеген өзекті тақырып талқыланып, өткір пікірталастар өткізілді. Форумға қатысушылардың 71%-ы QazForum-ды қазақша онлайн-контент мәселелері бойынша ең қызықты және қажетті алаң ретінде бағалайды», делінген хабарламада.

4 жыл ішінде іс-шара қазақтілді онлайн медиа үшін жалпы республикалық диалог алаңына айналды, онда қатысушылар кәсіби мәселелерді талқылап қана қоймай, өзара тәжірибе алмасады.

Биыл жергілікті және шетелдік спикерлердің қатысуымен қызықты сессиялар мен шеберлік сағатын өткізу жоспарланған. Форум туралы ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен жарияланады

Форум спикерлері Қазақстандағы БАҚ-тың дамуын талқылау, мақсатты аудиториямен жұмыс істеу және деректерді талдау, қазіргі медиадағы тенденцияны талқылау, әлеуметтік желідегі контент мазмұнын дамыту және жарнамалау, қазақша онлайн контентті жасаушының кейстері және табысы; ақпарат көздері мен big data-мен жұмыс істеу, монетизация және креативті экономика жайы талқыланады.


Соңғы жаңалықтар