Елордада «Керуен» мен «Әбу-Даби Плазада» вакцина егу бекеттері ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада халық көп жиналатын орындарда тұрғындарға вакцина салу пункттері ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада 100 егу кабинетінде вакциналауға жататын контингенттерді қамту жұмысы жалғасуда, оның ішінде «Mega Silk Way» және «Хан шатыр» сауда-ойын орталықтарында егу пункттері ашылды, сондай-ақ басқа да сауда-ойын орталықтары мен сауда үйлерінде ашу жоспарда қаралуда. Қазіргі уақытта адам көп жиналатын жерлерде қосымша егу кабинеттерін ашу бойынша дайындық жұмыстары жүруде. Жақын арада мұндай пункттер «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығы мен «Әбу-Даби Плаза» кешенінде де ашылады», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингіде.

Спикердің айтуынша, сауда-ойын-сауық орталықтарында да медицина ұйымдары секілді барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.

«Бұл талаптар – бөлме жиынтығы, жарақтандыру, жылжымалы егу пункттерін аймақтарға бөлу және т.б. Қазіргі уақытта департамент мамандары осы мәселелердің барлығын пысықтап жатыр», - деді спикер.

Айта кетейік, елордада эпидемиологиялық жағдай әлі де құбылмалы, қалада күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі.



Соңғы жаңалықтар