+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Елордада кейбір рейс кейінге қалдырылды

2019 жылғы 10 желтоқсан 17:56
Бөлісіңіз:
Елордада кейбір рейс кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада кейбір рейс кейінге қалдырылып, жолаушылар уақытында ұшып кете алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Scat компаниясы Bek Air жолаушыларын 2020 жылдың қаңтарына дейін тасымалдамақ Екі апатқа байланысты Boeing басшысы ауысты Бакуге ресейлік авиакомпанияның ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Мәселен, Нұр-Сұлтаннан Ыстанбұлға ұшақ бүгін таңғы 04.00-де ұшып кетуі тиіс болған. Алайда рейс кешкі 19.00-ге шегеріліп, жолаушылар ұшаққа енді жайғасты. Әлеуметтік желілерде қалың тұманның салдарынан кейбір рейстер мүлде тоқтап, кейбірі кешіктіріліп жатқаны жазылуда. Мәселенің мән-жайын Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан біліп көрдік.

«Дәл қазіргі уақытта Үрімжі, Ыстанбұл қалаларына ұшатын ұшақтар белгіленген уақыттан кешігіп ұшқалы жатыр. Әйтпесе, әуежай штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Бізде ұшып келетін рейстерге байланысты кешіктіру жағдайлары болды. Себебі, басқа жақтардан кейбір ұшақтар әуежайға жай ұшып келді. Ұшу-қону жолақтарының бәрі ашық. Күні кеше Алматыда тұман болды деп, онда рейстердің кешіктірілгені хабарланған еді. Тиісінше, ол жағдай бізге де әсер етеді. Бізге келген ұшақтар кесте бойынша ұшып жатыр», - деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT