Елордада көлігін жудыруға келген жүргізуші асханадан смартфон ұрлап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Нұр-Сұлтан полициясы жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының барысында елорданың 39 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында күдіктінің Пушкин көшесіндегі көлік жуу орнына келгені және көлігін жуып біткенше, уақыт өткізуді ойлап, жақын маңдағы асханалардың біріне кіргені анықталды. Ал тамағының ақысын төлеп жатқанда күдікті сатушының «Oppo» маркілі телефонын көреді. Телефонды ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізген ол оны ұрлап кеткен.

Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өзінің істегенін мойындады, енді оның қала аймағындағы осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындарға қырағы болып, жұмыс орыындарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар