Елордада көліктердің ережесіз тоқтауы автоматты түрде тіркеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 21 қазаннан бастап көліктердің ережесіз тоқтау және тоқтап тұру фактілері автоматы түрде тіркеледі. Мұндай заңбұзушылықтардың жазасыз қалмайтынын Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік құралдарының тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ тоқтауға және тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілерінің талаптарын сақтамау – бұдан былай қатаң қадағаланады. Енді мамандандырылған көлік құралдарындағы «Дозор-М» сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешені оларды автоматы режимде тіркелетін болады.

«Бұл кешен құқықбұзушылық жасалған көлік құралдарының нөмірлерін таниды және тіркейді, GPS⁄ГЛОНАСС көмегімен нақты орын мен уақытын анықтайды. Кейін бұл бұзушылықтар туралы мәлімет ұялы байланыс модульдері арқылы келіп түседі, осы деректер негізінде әкімшілік айыппұлдар рәсімделеді. Кешен анықтаған бұзушылық фактілері үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 601-бабының 1-бөлігі бойынша 3 АЕК (8 334 теңге) мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Көлік құралдарының тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзғаны үшін Кодекстің 597-бабы бойынша бұзушылыққа байланысты 5-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.

Белгіленбеген жерлерде тоқтау мен тоқтап тұру, жолдың жүру бөлігіндегі таңбалар талаптарын сақтамау - ең көп таралған құқықбұзушылықтардың бірі. Жүргізушілер көліктерін тыйым салынған жерлерде қалдырады, осылайша жолда апатты жағдайлар, «кептелістер» және басқа да қолайсыздықтар туғызады.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласы ПД қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

«Биыл Нұр-Сұлтан қаласы ПД қызметкерлері көлік құралдарының тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу фактісі бойынша 3 858 жүргізушіні және жол жүру бөлігіндегі талаптарды сақтамау бойынша – 8878 жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартты», - дейді полиция департаменті.

Соңғы жаңалықтар