Елордада көмір 12 жерде сатылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 12 жерде қала тұрғындары үшін көмір сатылып жатыр. Әкімдік тұрғындарға жылу беру маусымы басталғанға дейін көмір сатып алуға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Атап өту керек, елорда әкімдігі көмір сатумен айналысатын компаниялармен, соның ішінде қара отын бағасының өсуіне жол бермеу туралы меморандумдар жасасты.

«Қалада 12 жерде көмір сатуды қамтамасыз ететін 7 компания бар. Аталған орындарға қалаға әкелінетін көмірдің негізгі бөлігі жеткізіледі және осы жерден көмір саудасы жүзеге асырылады. Қала әкімдігі барша тұрғындарды көмір сатып алуды алдын ала қамтамасыз етуге шақырады. Күн суығанда көмірді жұрттың бәрі жаппай сатып алатындықтан кезек пайда боулы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін біз қыркүйек айынан бастап халықты көмір сатып алуға шақырамыз», - деді Отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.

Белгіленген бағаға сәйкес, елордадағы көмірдің орташа құны:

Шұбаркөл тоннасы – 13 200 тг;

Қаражыра тоннасы – 13 500 тг;

Майкүбі тоннасы – 12 000 тг;

«Богатырь көмірі» тоннасына – 9 500 тг.

«Қазіргі уақытта қоймада 800 тоннаға жуық Шұбаркөл көмірі мен екі мың тоннаға жуық Майкүбі көмірі бар. Ешқандай кезек жоқ, негізінен Көктал-1, Көктал-2 Агроқалашық тұрғын үй алаптарының халқы көмірді бізден сатып алады, бірақ биыл олардың барлығы газға қосылады. Көмір қыс бойы жеткізіліп тұрады», - деді «Бек-Айда» ЖК қойма меңгерушісі Дулат Құсайынов.

Нұр-Сұлтанда көмірді мына орындардан сатып алуға болады:

- Герцен көшесі 4/1-үй - Қаражыра сорты;

- Қырқыншы станса - Қаражыра сорты.;

- Герцен көшес, 6/2-үй – Ұсақ Богатырь, Майкүбі, Қарағанды, Жалын, Қаражыра, Шұбаркөл сорты.;

- Көктал, 28/1 - Майкүбі;

– А.Жұбанов көшесі 35-үй - Шұбаркөл;

- Көктал, 28/2 - Шұбаркөл;

- Ж. Жабаев көшесі, 68 - Қаражыра сорты;

– Мақат к-сі, 40 – Қаражыра сорты;

- Герцен көшесі, 6Б – богатырь, Қаражыра, Жалын, Майкүбі;

- Қырқыншы станса - Шұбаркөл.

Сондай-ақ, 109 нөмірі бойынша «жедел желі» құрылды, ол арқылы қала тұрғындары көмір сататын орындардағы қара отын құны мен қорлары туралы біле алады. Бұл ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.


Соңғы жаңалықтар