Елордада көпқабатты үйдегі өрттен 5 адам құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қараша күндізгі сағат 13:48-де құтқару қызметіне Әуезов көшесіндегі бес қабатты үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер келіп жеткенде екінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық техника мен үй заттары жанып жатқан болатын. Құтқарушылар бірінші кезекте төртінші қабаттан баспалдақтың көмегімен 5 адамды құтқарды. Оның ішінде екеуі – бала. Нәтижесінде өрт 14:03-те ауыздықталып, 14:05-те сөндірілді. Қызыл жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыған» делінген хабарламада.

Өрт кезінде 1938 жылы туған кейуана ащы газ иісінен уланып, ауруханаға түсті.

Тілсіз жаумен арпалысуға жеке құрамнан 17 адам және 5 техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үй аумағын қоршауға алды.

Соңғы жаңалықтар