Елордада коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар науқастардан 5 есе көп

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар науқастардан 5 есе көп. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус жұқтырғандардың саны 1 686 адам болса, олармен қарым-қатынаста болғандар 5 есе, сонымен қатар үй карантинінде отырған адамдар саны 4 есе көп. Сондықтан вирус өте қауіпті», - деді елорда әкімі.

Осыған орай қала басшысы елорда тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға үндеді.

«Вирус өте қауіпті болғандықтан санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет. Біздің статистикамызға сәйкес, індет жұқтырғандардың 40 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар, ал 35 пайызы 30 бен 50 аралығындағы адамдар екен. Демек, вирус жас талғамайды деген сөз. Сондықтан біз өзімізді, жақындарымызды қорғауға тиіспіз», - деді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар